Адиев болашағы туралы екіұшты пікір білдірді

Адиев болашағы туралы екіұшты пікір білдірді

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев өзіне РПЛ клубтары қызығушылық танытып отыр деген ақпаратқа қатысты пікірін айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Қазақстан құрамасы мен «Уралда» бірге жұмыс істеу туралы ойламаймын. Қазақстан құрамасы үшін және бапкер ретіндегі мен үшін алда екі маңызды матч бар. Сондықтан осы айда бар ойымды жинақтап, алдағы матчтарға толық дайындалғым келеді. Қалғанын содан кейін сөйлесуге болады», – деп келтіреді Адиевтің сөзін vprognoze.ru сайты.

Айта кетейік, Магомед Адиевтің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында төрт матч өткізіп, үш рет жеңіске жетті және бір ойында тең түсті. Қыркүйекте Беларусь және Әзербайжан құрамасына қарсы екі матч бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или