Кәшкен «Жальгирис» сапында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шығып, 18-минутта қызыл қағаз алды
«Жальгирис» футбол клубы Литва чемпионатының 21-турында өз алаңында «Банганы» 2:1 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.
Алаң иелері сапында өнер көрсететін қазақстандық қорғаушы Дінмұхаммед Кәшкен негізгі құрамда шығып, 18-минутта қызыл қағаз алып алаңнан қуылды.
Қазақстандық футболшы «Жальгирис» жейдесінде алғаш рет негізгі құрамда алаңға шыққан болатын.
Литва Премьер-лигасы. 21-тур.
«Жальгирис» (Вильнюс, Литва) – «Банга» (Гаргждай, Литва) – 2:1 (0:0)
Гол соққандар: Орега 60 (1:0), Миличкович 82 (2:0), Зебрацкас 83 (2:1),
Айта кетейік, Кәшкен биыл 6 наурызында еркін агент ретінде «Жальгириске» ауысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или