Аленичев: «Спартакта» легионерлердің орыс тілін меңгергенін қалаймын»

Мәскеулік «Спартактың» жаңа бас бапкері Дмитрий Аленичев клуб легионерлерінің орыс тілін үйренгенін қалайтынын айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Ромаға» келген кезімде, олардың келісімінде мынадай шарт болды – аптасына үш күн екі сағаттан итальян тілін үйренуге міндетті. Ресейде де осылай жасауға керек пе еді? Әрине, орыс тілін өз еркімен үйренгісі келетін шетелдіктер бар, бірақ «Мен мұнда бірнеше жылға ғана келдім. Басқа тілді неге үйренуім керек?» дейтіндер де бар ғой. «Спартакта» біздің тілімізді меңгерген бірнеше легионер бар. Аудармашының да бар екенін түсінемін. Бірақ алдағы уақытта шетелдіктердің күніне бір-екі сағатын орыс тілін үйренуге жіберсе деп қалаймын», - деді Аленичев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или