Рыбакина қатысатын турнирдің жүлде қоры анықталды

Дүйсенбі, 1 тамызда қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 23-орын) Сан-Хоседегі (АҚШ) турнирдегі жолын бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рыбакинаның алғашқы қарсыласы ресейлік Дарья Касаткина (рейтингте 12-орын) болады.
Сан-Хоседегі турнирдің жүлде қоры 757 900 долларды құрайды. Жарыс жеңімпазы $116 340 және 470 рейтингтік ұпайға ие болады, финалист $71 960 және 305 ұпай алады.
Рыбакина бірінші айналымнан (1/16 финал) бастайды.
Бұл қазақстандық теннисшінің Уимблдондағы жуырдағы жеңісінен кейінгі алғашқы кездесуі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или