Қазақстан — Түркия. Түріктер не дейді?

ЕУРО-2016 іріктеу кезеңі аясында күш сынасатын Қазақстан мен Түркия құрамалары арасындағы ойын туралы Қазақстандағы түркиялықтар пікірін білдірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ»

Селчук Юдже:

«Қазақ-түрік достығын нығайтып, әділ ойын болуын тілеймін»

— KATİAD футбол коман-дасының капитаны Селчук Юдже екі ел арасында болатын футбол матчының қазақ-түрік достығын одан әрі дамытып, тек ұтымды ойнаған команданың жеңіске жетуін тілейтінін жеткізді. Францияда 2016 жылы болатын UEFA EURO А тобының іріктеуші ойыны 12 маусым жұма күні Қазақстанда өтетіні белгілі. Түркия ұлттық құрамасы Алматыға келместен бұрын 8 маусымда Ыстанбұлда Болгариямен дайындық матчын ойнайды. Түркияның 2016 жылы Еуропа біріншілігіне қатысуға мүмкіндігі аз болса да, жеңіске деген үмітін Алматыда сынамақ. Түркия ұлттық құрамасының ойында басым күшке ие болатынын айтқан Юдже сөзін былай жалғастырды: «Матчтың нәтижесінде қай команда жеңсе де, түрік ойыншыларының ұтымды ойын ойнау шеберліктеріне куә боламыз деп сенемін. Бірақ бұл қазақ пен түрік ағайындардың достығының нығайып және жүйрік команда топ жаратын әділ ойыны болатынына сенімдімін».

Мұстафа Атеш:

«Бәрінен бұрын достық қатынас орнасын»

Kәсіпкер Мұстафа Атеш, дос әрі бауырлас екі ел арасында өтетін матчтың нәтижесі немен және қалай бітсе де, ең бастысы достық байланыс туының желбіреуі маңызды деген пікірде. Бұл матчтың Түркия үшін өте маңызды екеніне назар аудартқан Мұстафа Атеш: «Егер Түркия Еуропада бағын сынағысы келсе, осы жолы міндетті түрде жеңуі тиіс», — деді. Қазақстан құрамасын назарға алған Мұстафа Атеш: «Қазақстан құрама командасында жергілікті мықты ойыншылар пайда бола бастады. “Қайрат” құрама командасындағы Исламбек — техникалық шеберлігі басым, ұтқыр ойыншы. Егер Түркия Қазақстан құрамасын бұдан бұрынғы сәтсіз ойындарына бола солай әлсіз деп қабылдайтын болса, өзінің жеңіске деген мүмкіндігін жоғалтып алады. Иә, Қазақстанның футбол саласының техникалық мүмкіндігі төмен, алайда физикалық жағынан алып күшке ие. Түркияда бұл екеуі де мықты. Не болса да, бір-біріне мүлдем ұқсамайтын екі құраманың ойынына куә боламыз. Дос әрі бауырлас қазақ құрамасымен болатын кездесуде, бәрінен бұрын достық қарым-қатынастың орнайтынына сенімдімін». Ең үлкен тілегінің бірі Қазақстан құрама командасын әлем чемпионатында көру екендігін айтқан М.Атеш Президент Н.Назарбаевтың Қазақстанға жасаған жақсылықтары мен атқарған істерінің толайым екендігін тілге тиек етті.

Юсуф Аслан:

«Футбол — тек қана футбол емес…»

“POZITIV” банкінің директоры Юсуф Зия Аслан да 2016 жылғы Еу-ропа Футбол чемпионаты үшін Қазақстан мен Түркия-ның арасында өтетін ойын-ның аса маңызды екендігін атады. Түркияның осы тұрғыдан 4-орында екенін айтқан Ю.Аслан Түркия ұлттық құрама командасының арасында ойналатын ойынның тек қана футбол еместігіне назар аудартты. 2016 жылы Францияда өтетін футбол чемпионатына Түркияның үлкен мүмкіндігі бар екендігін айтқан Ю.Аслан түрік футбол командасының әлемдегі өте мықты команда екендігін де білдірді. «12 маусымда Түркия мен Қазақстан арасында өтетін ойын екі ел арасындағы тарихи және туыстық қарым-қатынасты одан әрі нығайтатын ойын болмақ. Тарихи және этникалық тамырлас екі елдің футбол құрамасы бұдан бұрын бірнеше мәрте кездесті. Бұл ойын екі ел халықтарының бір-бірін одан әрі жақын тануларына ықпал етеді. Осындай кездесулердің бұдан кейін де көптеген ортақ ынтымақтастыққа себеп болатынына сенемін», — деді ол.

Дереккөз: kazakhstanzaman.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или