Константин Горовенко: Мұндай нәтижесіз ойын үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын

Константин Горовенко: Мұндай нәтижесіз ойын үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын

<span>«Атырау» футбол клубының бас бапкері Константин Горовенко «Ордабасы» командасымен өткен матчқа қатысты пікірін білдірді.</span>

<span> «Бұл ойын біз ойлағандай нәтижелі болмады. Өз алаңымызда 1:4 есебімен ұтылдық. Команданың футболшылары мен жаттықтырушылар штабына ойлану керек шығар. Мұндай нәтижесіз ойын үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын. </span>

<span>Мен команда футболшыларына олардан не күтетінімді, қалай ойнау қажеттігін жеткізе алмадым. Команда ойыншыларында көшбасшылық қасиет жетіспеді. Алаңда жеңіске жетуге деген ынтаны көрмедім. Футболды дәл осылай ойнамайды», - деді Константин Горовенко.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или