«Барселона» - чемпиондардың чемпионы

«Барселона» - чемпиондардың чемпионы

Берлинде өткен Чемпиондар Лигасының ақтық сынында испаниялық «Барселона» италиялық «Ювентусты» тізе бүктіріп, чемпион атанды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Көптен күткен Чемпиондар Лигасының финалдық ойыны да басталды. Стадионға жиналған жанкүйерлердің қарасы өте көп, жаңғырған дауыстарымен нағыз футбол атмосферасын жасауда. Туриндік «Ювентус» пен «Барселона» өзара кім мықтыны анықтамақ. Қос команда да требл жасауға керемет мүмкіндікке ие.

Ойынға қазылық ететін төреші – түркиялық Джюнейт Чакыр.

Алғашқы тайм бастау алысымен, каталондықтар жылдам шабуылға кірісті. Небәрі 4-ші минутта есеп ашылды. Неймар қарсыластарынан финт жасау арқылы өтіп шығып, Иньестаға керемет пас шығарды. Иньестаның сол қапталдан асырған добына Иван Ракитич аяғын тосып, командасын алға шығарды.

13-ші минутта Даниэл Алвес айып алаңынан Буффон қорғаған қақпаға қарай соққы бағыттады. Жүз пайыз гол болатын сәт еді, алайда туриндік клубтың капитаны керемет сейв жасап, қақпасын голдан сақтап қалды.

24-ші минутта «Ювентус» қысымды күшейте түсті. «Барселона» қорғаушыларынан кері серпілген допқа Мората бірінші жетіп, қақпаға соққы бағыттады. Бірақ тепкен добы қақпадан сәл ғана қиыс кетті.

Пирлоның ойыны жүрмеуде. Қаншама стандарттық жағдайда мүлт кетті. Погба Алвеске қысым жасап, ақыры допты тартып алды. Допқа иелік еткеннен соң Пирлоға пас шығарды. Алайда маэстро доптан лезде айырылды.

39-шы минутта Луис Суарес мүмкін емес жерден гол салуды жөн санағандай. Қорғаушылардың арасынан алыс бұрышқа қарай соққы бағыттады. Қақпадан сәл ғана қиыс кетті.

44-ші минутта Тер Штеген ойынға араласуға мәжбүр болды. Туриндіктер қатарынан екі соққы бағыттады. Алғашқы соққыны қорғаушылар қайтарса, екіншісі қақпашының қолынан табылды.

Екінші тайм да басталды. 55-ші минутта Даниэл Алвес қақпа алдындағы қарбалас сәттің бірінде допты Маркизиоға абайсызда беріп қойды. Ол Лихштайнерге керемет пас шығарды. Одан Тевес пас алып, Тер Штеген қорғаған қақпаға жойқын соққы бағыттады. Қақпашы қайтарып үлгергенімен, Мората серпілген допты қақпа торына бүлк еткізді. Есеп – 1:1.

Матчтың 68-ші минутында каталондықтар есепте қайта алға шықты. Месси орта тұстан суырылып шығып, жойқын соққы бағыттады. Буффон бұл жерде допты қайтарып үлгерді. Бірақ сол сәтте Суарес қақпа жанынан табыла білді және таблодағы есепті өзгертті.

71-ші минутта Неймар қапталдан асырылған допқа басын тосып, қақпаның торын бүлк еткізді. Алайда, бұл голды Чакыр есепке алмады. Қапталдағы төрешілер бразилиялықтың қолына доптың тигенін байқап қалған екен.

82-ші минутта Жерар Пикенің есепті ұлғайтатын керемет мүмкіндігі болды. Ракитич айып алаңынан Пикеге тамаша пас шығарды. Ал Жерардың бағыттаған соққысы қақпадан әлдеқайда биік кетті.

Ойынның қосымша уақытында Неймар матчтың нүктесін қойды. Есеп - 1:3.

Ақыры ойынның аяқталғандығын білдіретін ысқырық та шалынды. Жанкүйерлердің қуаныштарынан стадион дүр сілкінгендей. Каталондықтар да қуаныштан көздеріне жас алуда.

Осылайша, «Барселона» 2014-2015 жылғы Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды. Тарихта требл жасаған командалардың саны әзірше 7-еуден аса қоймады. Есесіне, «Барселона» екі рет требл жасаған команда атанды. Каталондықтарды құттықтаймыз.

«Ювентус» (Италия) – «Барселона» (Испания) 1:3 (0:1)

Голдар: Ракитич 4 (0:1), Мората 55 (1:1), Суарес 68 (1:2), Неймар 90+7 (1:3)

«Ювентус»: Буффон, Лихтштайнер, Барцальи, Бонуччи, Эвра, Пирло, Маркизио, Погба, Видаль, Мората, Тевес

«Барселона»: Тер Штеген, Дани Алвес, Пике, Маскерано, Альба, Бускетс, Ракитич, Иньеста, Месси, Суарес, Неймар

Төрешілер: Джюнейт Чакыр, Бахаттин Дуран, Тарик Онгун (барлығы Түркиядан)

Қосалқы төреші: Йонас Эрикссон (Швеция)

Ескертулер: Видаль 11, Погба 41, Суарес 70

06.06.2015. Берлин, «Олимпиаштадион».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или