«Қазақ екенімді мақтан тұтамын». UFC-де Қытай атынан шығатын файтер мәлімдеме жасады

Қытай атынан шығатын этникалық қазақ Сайран Нұрданбек Instagram парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Онда UFC файтері оны туған жерінде қалай қарсы алғанын көрсетті.
«Кеш болса да, видеомды бөлісейін, мен қазақ екенімді мақтан тұтамын және мені үйде қарсы алғандары үшін туған жерімнің халқына алғыс айтамын», - деп жазды файтер.
Еске салайық, Сайран Нұрданбек (37-10) UFC-де өнер көрсетеді. Осы уақытқа дейін қазақ файтері ең ірі ММА промоушенінде үш жекпе-жек өткізген: онда екі рет жеңіп, бір мәрте жеңілген. 25 маусымда UFC on ESPN 38 турнирінде Лас-Вегаста (АҚШ) өткен кейінгі жекпе-жегінде Нұрданбек америкалық файтер Ти Джей Браунды (16-9) жеңген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или