Қазақстан құрамасы еркін күрестен Тунистегі турнирде жеті медаль алды

Қазақстан құрамасы еркін күрестен Тунистегі турнирде жеті медаль алды

Тунистің мемлекетпен аттас бас қаласында еркін күрес пен әйелдер күресінен Зухайер Сгайер турнирі өтті.

UWW (халықаралық күрес федерациясы) күнтізбесіне кіретін, рейтингте ұпай үлестірілетін 4 турнирдің бірі саналатын бәсекеге Қазақстан тек еркін күрес шеберлерін аттандарды. Олардың көрсеткен нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз:

Еркін күрес:

Азамат Дәулетбеков – алтын (86 кг)

Әбдіманап Байгенжеев – алтын (92 кг)

Сырбаз Талғат – күміс (70 кг)

Болат Сақаев – күміс (79 кг)

Мамед Ибрагимов – күміс (97 кг)

Адлан Асқаров – қола (65 кг)

Әлішер Ерғали – қола (125 кг)

Жалпы есепте бірқатар мықты бозкілем шеберін алып келген АҚШ құрамасы 1-орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или