Пламен Димов: «Жарақатымнан ақырындап жазылып келем»

Пламен Димов: «Жарақатымнан ақырындап жазылып келем»

«Қайсардың» ойыншысы Пламен Димов Балаларды қорғау күніне орай ҚОФФ ұйымдастырған жағажай футболы турниріне қатысып, жүлдегерлерді марапаттады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Салтанатты шарадан соң «Қайсар» футбол клубының жартылай қорғаушысы БАҚ өкілдеріне шағын сұқбат берді.

Жағажай футболы турнирі туралы.

«Финалдық ойындарды тамашаладым. Тамаша. Балалар мен қыздардың жағажай футболы алаңында асыр салып, мәз-мейрам болып ойнағандары маған керемет әсер етті. Қызылордада жағажай футболы аренасы бар деп ойламаппын. Бірінші рет көруім. Кешқұрым демалуға жақсы орын екен. Менің туып-өскен жерім Болгарияда да жағажай футболы әуесқой деңгейде жақсы дамыған. Әсіресе, Қара теңізінің жағалауында қиыршық құмда доп қуып жүрген жастарды көп көресіз».

«Қайсар» футбол клубы жайлы.

«Әзірге үздік алтылыққа кіру туралы үмітімізді сөндірген жоқпыз. Уақыт бар. Барлығы өз қолымызда. Әр ойында алаңға барымызды салып шығуымыз қажет. Ел чемпионатындағы екі апталық үзіліс бізге оң әсер етеді деп ойлаймын».

Өзі жөнінде.

«Жарақатымнан айығып қалдым. Клуб дәрігерлері әрдайым менің жағдайымды бақылауда ұстауда. Қазір ақырындап жалпы топта өзге футболшылармен бірге жаттығуды бастап жатырмын. Жазғы трансферлік терезе ашылысымен алаңға шығуға дайын боламын деп үміттенемін».

Дереккөз: «Қайсар» футбол клубының ресми сайты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или