Владимир Мазяр «Ақжайықтан» кетті
Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, украиналық маман Владимир Мазяр «Ақжайықтың» бас бапкері қызметінен кетеді.
Маман бірқатар сәтсіздіктен кейін командадан кетуге тура келді. Соңғы тоғыз матчта батысқазақстандық команда екі рет тең түсіп, жеті рет жеңілді. Оның ішінде Қазақстан Кубогы топтық кезеңінің 1-турында Бірінші лига өкілі қызылордалық «Қайсардан» жеңіліс те бар. «Ақжайық» 23 сәуірде Қарағандының «Шахтерін» сырт алаңда жеңгеннен бері жеңістің не екенін ұмытты.
Владимир Мазяр Қазақстан чемпионатының 16-турында алматылық «Қайраттан» ұтылғаннан кейін қызметінен кететінін мәлімдеген. Бірақ клуб басшылығы оның өтінішін қанағаттандырмаған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или