Мазбаев: Матч жоспардағыдай өтті

Мазбаев: Матч жоспардағыдай өтті

«Тараз» бас бапкері Нұркен Мазбаев «Тобылға» қарсы матч (6:1) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Қарсылас команда сапында жастар болатынын білдік. Ойынның қорытынды нәтижесі де біз үшін оң боларына сенімді болдық. Соны ескере келе, чемпионат барысында ойын тәжірибесі аздау болып жүрген футболшыларды негізгі құрамға шығардық. Олардың қандай деңгейде, қалай ойын өрнегін көрсетерін байқап көруге тырыстық. Физикалық басымдықты емес, жекелеген шеберлікті сынап көргіміз келді. Жалпы айтқанда, матч жоспардағыдай өтті. Енді келесі «Мақтааралмен» болатын кездесуге дайындаламыз.

- Қарсылас команданың бастапқы құрамы белгілі болғанша күттіңіз бе? Ол қаншалықты әсер етеді?

- Жоқ, команда кеше ұшып келгенде бірыңғай жастар екені туралы сенімді ақпарат алдық. Ешқандай әсері болған жоқ. Бастысы кубоктық кездесудің алғашқы ойынын сәтті бастадық. Әрі қарай осылай жалғастыру үшін жұмыс жасай береміз

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или