«Астанаға» ауысады деген футболшы «Ақтөбені» таңдады

«Астанаға» ауысады деген футболшы «Ақтөбені» таңдады

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Тимур Досмағамбетов «Ақтөбемен» келісімге қол қояды. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлады.

Ол күні кеше «Шахтермен» тараптардың өзара келісімі бойынша келісімшарт бұзды. Бұған дейін Тимур Досмағамбетов «Астанаға» ауысады деп күтілген еді. Алайда ол «Ақтөбені» таңдады.

33 жастағы Досмағамбетов әр уақытта Қазақстан Премьер-лигасында «Ақсу», «Ақтөбе», «Тараз», «Тобыл», «Ордабасы» сияқты бірқатар клубтарда өнер көрсетті.

Айта кетейік, Ұлттар лигасындағы төрт матчтан тұратын соңғы циклде қазақстандық қорғаушы үш кездесуде өнер көрсетті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или