«Тұран» қақпашысы: Командаға еш реніш жоқ, жігіттер қолдарынан келгенді істеді

«Тұран» қақпашысы: Командаға еш реніш жоқ, жігіттер қолдарынан келгенді істеді

Қақпашы Бекжан Тоқтарбай бүгін «Тұран» сапындағы алғашқы матчын ғана өткізіп қоймай, капитандық міндетті атқарды. Клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан Кубогы аясында өткен «Шахтерге» қарсы матч туралы пікірін айтып, командаға ойында не жетіспегенін түсіндірді.

- Бекжан, ел Кубогының алғашқы матчын сырт алаңда өткіздік. Матч туралы пікіріңді айта кетсең.
- Қарсыласымыз ойын жағынан мықты екені көрініп тұр. «Шахтер» кез келген командаға қарсы терезесі тең ойын көрсете алады.

- Бүгінгі ойында жас ойыншылар алаңға шықты. Біздің команданың өз ойынын көрсете алмауына не кедергі болды?
- Жас балалар шыққаннан соң жеңілдік деп айта алмаймын. «Шахтер» еуродода ойнаған тәжірибелі команда. Оның үстіне матч олардың алаңында өтті. Біздің команда туралы айта кетсем, ешкімге реніш жоқ. Бәрі жанын салып ойнады. Қазіргі сәттегі өзіміздің максимумызды көрсеттік.
Біздің де гол соғатын мүмкіндіктеріміз болды. Біз де доп ұстадық.

- Тез соғылған гол команданың ойынына кері әсер еткен секілді…
- Әрине, оның да әсері бар. Бірақ оған қарамастан жігіттер өздерін қолға алып, әрі қарай ойын көрсеттік. Жеңілуіміздің себебі тез гол деп айта алмаспын. Ойын бойынша жеңілгеніміз әділетті.

- Бүгін капитан ретінде команданы алаңға алып шықтың. Капитандық міндет - қосымша жауапкершілік арта ма?
- Иә, капитандық міндетті атқардым. «Тұран» сапындағы алғашқы матчымда капитандық міндетті тапсырған жаттықтырушыларға алғысымды айтамын. Алғашқы ойында капитан болған, әрине, үлкен жауапкершілік. Дегенмен қақпашы капитан болмаса да командаға кеңесін айтып, бағыттап отыруы қажет.

Бүгінгі матчта жас ойыншыларға сенім артқан жаттықтырушыларымызға алғысымды айтқым келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или