«Шахтер» сапына Ресей мен Грузияның футболшылары ауысты

«Шахтер» сапына Ресей мен Грузияның футболшылары ауысты

«Шахтер» ФК ресейлік ойыншы Евгений Кобзарь және грузиялық вингер Темур Чогадземен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Евгений Кобзарь – мәскеулік ЦСКА түлегі. 29 жастағы вингердің кейінгі клубы армениялық «Нораванк» болды. Кобзарь ресейлік «Локомотив», «Химки», «Сахалин», «Зенит-Ижевск», эстониялық «Левадия», армениялық «Урарту» және латвиялық «Спартак» командаларында ойнаған.

Чогадзе кәсіби карьерасын «Сабуртало» (Тбилиси) футбол клубында бастаған. Кейін грузиялық «Динамо» (Батуми), «Торпедо» (Кутаиси), «Рустави» (Рустави), «Телави» және украиналық «Олимпик», «Ингулец» командаларында өнер көрсеткен. Темурдің кейінгі клубы грузиялық «Гагра» болды. Ол сондай-ақ, Грузияның жасөспірімдер және жастар құрамасында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или