«Қайрат» «Өзбек Мессиімен» қоштасқанын хабарлады
Алматылық «Қайрат» сапынан өзбекстандық жартылай қорғаушы Жасурбек Жаололиддинов пен қақпашы Никита Пивкин кетті, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өзбекстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Жасурбек Жалолиддинов Ташкенттің «Локомотивіне» оралды. Өзбек клубы ойыншыны мерзімінен қайтарып алды.
Қақпашы Никита Пивкин ФНЛ-2-ға қайтады. Өткен маусымды «Қайрат-Мәскеу» клубында өткізген қақпашы «Электронға» бір жылға жалға берілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или