Виктор Васин ЦСКА-ға оралуы мүмкін
«Қайраттың» ресейлік қорғаушысы Виктор Васин мәскеулік ЦСКА-ға оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы оның өкілі Арсен Минасов мәлімдеді.
«Менің ойымша, Виктор «Қайратта» өзін тамаша көрсетті. Онда команданың көшбасшысына айналды, өйткені команда өте жас. Оған бейімделу қиын болған жоқ. Ол жер оған өте ыңғайлы. Виктор ЦСКА-ға оралу мүмкіндігін қарастырады», - деп жазады дереккөз.
Айта кетейік, Виктор Васин «Қайратқа» биыл қаңтарда ЦСКА-дан ауысып келді. Тәжірибелі орталық қорғаушы «Қайрат» сапында 14 кездесуге қатысып, 2 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или