ЧЛ: «Тобыл» бірінші іріктеу кезеңнің бірінші матчында венгриялық командамен тең түсті
Футболдан Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Қазақстан чемпионы «Тобыл» өз алаңында венгриялық «Ференцварош» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Тобыл» бұл ойынға мына құраммен шықты: Мокин, Қайыров, Малый, Томашевич, Аманович, Тағыберген, Йованчич, Жарынбетов, Тошич, Жақсылықов, Бриджидо.
Қостанай қаласында өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды.
Еске салайық, «Тобыл» мен «Ференцварош» арасындағы қарымта кездесу 13 шілдеде Будапештте өтеді.
Егер қостанайлық клуб бұл текетіресте жеңіске жететін болса, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Слован» (Словакия) - Батуми «Динамо» (Грузия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или