ЧЛ: «Тобыл» — «Ференцварош» матчының бірінші таймы аяқталды

ЧЛ: «Тобыл» — «Ференцварош» матчының бірінші таймы аяқталды

Қостанайда Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Тобыл» мен венгриялық «Ференцварош» арасындағы алғашқы ойын өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші таймнан кейін матчта есеп ашылмады – 0:0.

«Тобыл» бұл ойынға мына құраммен шықты: Мокин, Қайыров, Малый, Томашевич, Аманович, Тағыберген, Йованчич, Жарынбетов, Тошич, Жақсылықов, Бригидо.

Еске салайық, «Тобыл» мен «Ференцварош» арасындағы қарымта кездесу 13 шілдеде Будапештте өтеді.

Егер қостанайлық клуб бұл текетіресте жеңіске жететін болса, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Слован» (Словакия) - Батуми «Динамо» (Грузия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или