«Ол мені есалаң деп атады». Гана құрамасының ойыншысы «Қайрат» пен «Астананың» ұсынысын неге қабылдамағанын түсіндірді
ҰФЛ-дің үздік легионері, Гана құрамасының футболшысы Джоэль Фамайе РИА Новости Спорт сайтына берген сұхбатында «Қайрат» пен «Астананың» ұсыныстарын қабылдаудан неліктен бас тартқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
– Бресттік «Динамодан» Ресейге қалай келдіңіз?
- Беларусьте жүргенде Ресей лигасын көп қадағаладым, маған ұнады. «Қайрат» пен «Астанадан» ұсыныстар болды, астаналықтар сол кезде Еуропа лигасында «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойнады. Агентіме Ресейде ойнағым келетінін айтқанымда, ол мені есалаң деп атады, өйткені таразының екінші жағында «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойнау мүмкіндігі бар еді. Маған осындай матчтарда ойнау жазылса, Ресейде осы деңгейге міндетті түрде жетемін деп шештім. «Оренбургқа» ауысып, бірнеше жыл ойнадым.
Фото: «Рубин» ФК ресми сайтынан