«Қарсылас қандай болса да, келесі кезеңге өтуіміз керек». Аслан Дарабаев - «Ақтөбеге» қарсы ойын, «Ракувқа» дайындық және маусымдағы міндеттері туралы
Қазақстан құрамасы мен «Астананың» жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында «Ақтөбеге» қарсы ойын, елордалық команданың жас ойыншылары және «Ракувқа» қарсы алдағы кездесу туралы пікірін бөлісті.
– Аслан, «Мақтааралға» қарсы өткен кездесу туралы ойыңызды бөлісіңізші.
- Ойын біздің бақылауымызда өтті. Бірінші таймда шабуылда асығыстық таныттық, ал екінші таймда шыдам мен бақылаудағы тұрақтылық голға айналды.
- «Ақтөбемен» ойында не болды?
- «Ақтөбеге» қарсы ойын оңай болған жоқ. Жеңіске жету үшін бізге шабуылда және соңғы кезеңде өткірлік жетіспеді.
– Турнир кестесінде «Ақтөбеден» бір ұпай ғана алда келесіздер. Бұл сіздерге қысым келтіре ме?
- Біз өз ойынымыз бен міндеттерімізді ойлаймыз. Бәрі өзімізге байланысты.
- «Астанадағы» жас әріптестеріңіздің ойынын қалай бағалайсыз?
- Жігіттер жарады, бәрінің сенімі артқанын көруге болады. Нәтижелі әрекеттері де мұны растап отыр.
- «Ракувқа» қарсы алдағы ойыннан не күтесіз? Польшалық команданың ойынын талдауды бастадыңыздар ма?
– «Ракувқа» келер болсақ, біз оларды әлі талдаған жоқпыз. Дегенмен, қарсылас қандай болса да, біз бұл кезеңнен өтуіміз керек.
- Аслан Дарабаевты шетел чемпионатында көре аламыз ба?
- Жоқ, жақын уақытта көре алмайсыздар.
- Биылғы маусымда қазақстандық клубтар еурокубоктардың топтық кезеңіне шыға ала ма?
- Конференциялар лигасының тобына өтеміз деп үміттенемін. Басқа қазақстандық клубтарға да соны тілеймін.
– Команда алдында қандай міндеттер тұр?
- Команда алдында ең жоғары міндеттер тұр - бұл «Астана», тек жоғары міндеттер.
Фото: ашық дереккөздерден