Чемпиондар лигасы: «Тобыл» - «Ференцварош» матчының тікелей трансляциясы
Prosports.kz назарларыңызға UEFА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы «Тобыл» (Қазақстан) - «Ференцварош» (Венгрия) матчының тікелей трансляциясын ұсынады.
Соңғы Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша қостанайлық «Тобыл» өз тарихында екінші рет ел чемпионы атанды. Осы жеңістің арқасында «сары жасылдар» Еуропаның басты клубтық турнирінде Қазақстан футболының атынан шығу құрметіне ие болды.
Бірінші іріктеу кезеңінде қостанайлықтардың қарсыласы Венгрия чемпионы <span>«Ференцварош»</span> болады. Өткен маусымда Станислав Саламович Черчесовтың жетекшілігімен команда төртінші рет қатарынан чемпион атанып, Венгрия кубогын жеңіп алды.
Матчтың басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-ге жоспарланған. Ойынды QAZSPORT телеарнасы көрсетеді, трансляцияны СІЛТЕМЕ арқылы көре аласыздар.