Мазяр «Ақжайықтың» бас бапкері қызметінде қалады
Украиналық маман Владимир Мазяр «Ақжайықпен» бас бапкер ретінде жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еске салайық: Премьер-лигада футболдан Қазақстан чемпионатының 16-шы турында Алматыда «Қайраттан» 0:2 есебімен ұтылғаннан кейін Владимир Мазяр қызметінен кететінін мәлімдеген болатын.
Алайда, қолда бар мәліметтерге қарағанда, бұл отставканы басшылық қабылдамаған. Украиндық бапкер Орал клубының бас бапкері болып қала береді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта «Ақжайықтың» ҚПЛ-2022-дегі жеңіссіз сериясы 8 матчты құрайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или