Владимир Газзаев: «Шабуылда өткір ойнай алмадық»

Владимир Газзаев: «Шабуылда өткір ойнай алмадық»

«Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Газзаев «Астанаға» қарсы Қазақстан кубогының алғашқы жартылай финалдық матчынан кейін ойын туралы пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Астананы» лайықты жеңісімен құттықтағаным дұрыс болар. Расымен де, біздің ойынымыз жүрмеді. Бірінші таймды тым нашар өткіздік. Үзілістен кейін сәл қарқынды күшейттік. Шабуылда, өкінішке қарай, өткір ойнай алмадық. Соның кесірінен, Хижниченкода болған мүмкіндіктен басқа шабуылда дым ұйымдастыра алған жоқпыз. Сондықтан жеңілісіміз лайықты. Енді осыдан түйін шығарып, алға жүре береміз», - деді Газзаев.

Естеріңізге сала кетсек, «Ақтөбе» жартылай финалдың алғашқы матчында өз алаңында «Астанадан» 0:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или