«Мақсатымыз Премьер-Лигада қалу». Санжар Сатанов – «Тұранға» ауысуы, Қабдулов және маусым туралы

«Мақсатымыз Премьер-Лигада қалу». Санжар Сатанов – «Тұранға» ауысуы, Қабдулов және маусым туралы

«Тұранның» ойыншысы Санжар Сатанов Prosports.kz сайтына түркістандық клубқа келуі, Қуаныш Қабдулов және Олжас Керімжановпен арада болған жағдай туралы айтып берді.

- Санжар, «Тұранға» қалай келдің?

- Қуаныш Кенжалыұлы қыста хабарласып, қаралымнан өтуге шақырды. Осылайша, түркістандық командаға қосылдым.

- Қуаныш Қабдуловтың қол астындағы жұмысыныңды қалай бағалайсың?

- Бапкерді Атыраудан бері танимын. Өз ісінің маманы. Ол тізгінді қолға алғалы команда жақсы ойын өрнегін көрсетіп, ұпай жинай бастады.

- Команда ойынында не дұрыс емес? 13 ойынның 7 тең нәтижемен аяқталды.

- Бұл ойындарда басым болып, сапалы ойнаған едік. Меніңше, сәттілік жетіспеген секілді.

- «Тобылға» қарсы матч жайлы айтсаң. Жеңіске жетуге не жетпеді?

- Команда тек жеңіс үшін ойнадық. Соңғы минуттарда менің қателігімнен соң жеңісті уыстан шығарып алдық. Бұл үшін бәрінен кешірім сұраймын. Болашақта қайталамауға тырысамын.

- Матч соңындағы Олжас Керімжановпен арадағы болған жағдай туралы айта кетсең.

- Сол сәтте алаңда тек эмоция болды. Олжас Керімжанов, біздің капитан қалай ойнау керегін түсіндірді. Матчтан соң сөйлесіп, қол алыстық. Арамызда реніш жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или