Мазяр «Ақжайықтың» бас бапкері қызметінен кетті
«Ақжайық» командасының бас бапкері Владимир Мазяр қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол мұндай шешімді Қазақстан чемпионатының 16-турында «Қайраттан» жеңілгеннен кейін қабылдады.
«Осы матчтан кейін мен «Ақжайықтан» кетемін. Ер адам және жаттықтырушы ретінде мен кетуім керек екенін түсінемін. Бұл команда үшін де, бүкіл қала үшін де дұрыс болады. Кейінгі матчтарда екі ұпай жинадық. Бар күшімізді салуға тырыстық. Әр істің соңы болады. Менің жұмысымда жаманнан гөрі жақсылық көп болды деп ойлаймын.
Ойыншылармен әңгімелестім. Ойыннан кейін осындай шешім қабылдадым. Барлығы үшін рақмет, Қазақстан!
Неге командада легионерлер көп? «Қайратта» қанша шетелдік бар? «Тобыл» жайлы неге айтпайды? Менде Шушеначев деңгейіндегі қазақстандық ойыншы жоқ», - деді украиналық маман.