«Манчестер Сити» жұлдызы «Барселонаға» ауысқысы келеді
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернардо Силва «Барселонаға» ауысқысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футболшы өзінің қалауы туралы команданың бас бапкері Хосеп Гвардиола мен агент Хорхе Мендесті хабардар етіп қойған.
«Манчестер Сити» португалиялықты сатуға дайын. Дегенмен, «қалалықтар» ойыншыны 100 миллион еуроға бағалап отыр.
27 жастағы жартылай қорғаушы өткен маусымда барлық турнирлерде 50 ойынға қатысып, 13 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или