Роберт Левандовски «Барселонаның» бас бапкері Хавимен жүздесті
«Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски Ибицада «Барселонаның» бас бапкері Хавимен жүздесті.
AS басылымының хабарлауынша, Левандовски мен Хави арасындағы әңгіме демалыс және отбасы жайлы өрбіген. Дегенмен сөз соңында польшалық футболшы Хавимен бірге жұмыс істегісі келетінін айтқан.
Бұған дейін «Барселона» «Баварияға» Роберт Левандовски үшін 50 миллион еуро төлеуге дайын екенін мәлімдеген. «Бавария» 33 жастағы ойыншыны сатуға келісті, бірақ оның бағасын көтерді. Мюнхендік клуб шабуылшы үшін 60 миллион еуро сұрап отыр.
Айта кетейік, өткен маусымда Левандовски «Бавария» сапында 50 ойынға қатысып, 46 гол соқты. Оның мюнхендік клубпен келісімшарты 2023 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или