«Тобыл» футбол клубы сербиялық ойыншымен келісімшарт жасасты
«Тобыл» футбол клубы сербиялық ойыншы Мильян Вукадиновичпен келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мильян 1992 жылы 27 желтоқсанда Белградта дүниеге келген. Ол мансабын туған қаласындағы «Хайдукте» бастады. Содан кейін Вукадинович Чехияға көшіп, «МАС Таборо», «Млада Болеслав» және «Славия Прага» клубтарында доп тепті. Кейін ол Сербияға оралып, 2018 жылдың қаңтарында «Земун» командасына қосылды. 2020 жылы «Напредактан» Суперлиганың басқа клубы – «Воеводинаға» ауысты.

Мильян Сербия құрамасы сапында екі жолдастық матч өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или