Салах «Ливерпульмен» жаңа келісімшартқа отырды
Sky Sports хабарлауынша, Мохамед Салах «Ливерпульмен» ұзақ мерзімді келісімге қол қойды. Ол 2025 жылдың жазына дейін есептелетін болады, деп жазады Prosports.kz.
30 жастағы Салахтың «қызылдармен» бұрынғы келісімшарты 2023 жылға дейін жарамды болатын.
Мохамед Салах «Ливерпульге» 2017 жылы «Ромадан» ауысты. Өткен маусымда шабуылшы клуб сапында барлық жарыстарда 51 ойынға қатысып, 31 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді.
Мерсисайдтықтар құрамында мысырлық премьер-лиганы (2019/2020), Чемпиондар лигасын (2018/2019), Англия кубогын (2021/2022) және УЕФА суперкубогын (2019) жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или