Дембеле еркін агент атанды
Усман Дембеле еркін агент атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.
1 шілдеде вингердің «Барселонамен» келісімшарты ресми түрде аяқталды.
Каталониялықтар франциялық ойыншымен жаңа келісім бойынша келіссөздерді жалғастырып жатыр, бірақ 25 жастағы ойыншыға ұсынысты жақсартуды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Diario Sport.
Егер тараптар жаңа келісімшарт жасасатын болса, «Барселона» Дембеленің Ла Лигадағы келісімшартын ұзарту емес, жаңа трансфер ретінде тіркеуі керек болады.
Дембеле өткен маусымда «Барселона» сапында 32 ойынға қатысып, 2 гол соғып, 13 нәтижелі пас берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или