Түркия құрамасының Алматыға келетін құрамы белгілі болды

Футболдан Түркия федерациясының ресми сайты 10 маусым күні Алматыға келіп, 12 маусымда Қазақстан ұлттық құрамасымен кездесетін футболшыларының тізімін жариялады.

12 маусым күні Қазақстан және Түркия ұлттық құрамалары 2016 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясында кездеседі. Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлері Алатау бөктерінде өтетін ойынға шақыртылған футболшыларымыздың тізімін өткен аптада жариялаған.

Ал Түркия бапкерлері Қазақстан және Болгаия құрамаларымен өтетін ойындарына шақыртылған футболшылары тізімін кеше жариялады.

Осы ретте айта кетейік, Түркия құрамасы да 16 маусым күні жолдастық кездесу өткізіп, Стамбулда Болгария футболшыларымен додаға түсуді жоспарлап отыр.

Сонымен Түркия құрамасының сапы:

Қақпашылар – Волкан Бабаджан («Истанбул Башакшехир»), Али Вурал («Эскишехирспор»), Хайрулла Мерт («Аданаспор»);

Қорғаушылар – Гёкхан Гёнюл («Фенербахче»), Сенер Озбайракли («Бурсаспор»), Сердар Азиз («Бурсаспор»), Хакан Балта («Галатасарай»), Махмут Текдемир («Истанбул Башакшехир »), Семих Кая («Галатасарай»), Хасан Али Калдырым («Фенербахче»), Алпер Потук («Фенербахче»), Эмре Ташдемир («Бурсаспор»);

Жартылай қорғаушылар – Волкан Шен («Бурсаспор»), Гёхкан Тёре («Бешикташ»), Хакан Чалханоглу («Байер 04», Германия), Мехмет Экичи («Трабзонспор»), Сельчук Инан («Галатасарай»), Мехмет Топал («Фенербахче»), Озан Туфан («Бурсаспор»), Арда Туран («Атлетико», Испания), Огузхан Озьякуп («Бешикташ»), Ясин Озтекин («Галатасарай»), Олджай Шахан («Бешикташ»);

Шабуылшылар – Умут Булут («Галатасарай»), Мухаммет Демир («Газиантепспор»), Мевлют Эрдинч («Сент-Этьен», Франция), Бурак Йылмаз («Галатасарай»).

"Алаш айнасы" интернет-порталы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или