«Ұлттық құраманы бүкіл ел мақтан тұтады». Максим Федин – «Тұраннан» кетуі, шетел клубтарынан ұсыныстар, Исламды қабылдау туралы

«Ұлттық құраманы бүкіл ел мақтан тұтады». Максим Федин – «Тұраннан» кетуі, шетел клубтарынан ұсыныстар, Исламды қабылдау туралы

Қазақстандық жартылай қорғаушы Максим Федин Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында «Тұраннан» кету, шетелден келген ұсыныстар, Қазақстан құрамасы мен дінін ауыстыруы туралы айтты.

– Максим, «Тұранмен» қоштасуыңызға не себеп болды?

– Иә, <span>«Тұраннан» </span>кеткенім ешкімге құпия емес. Маған даму тұрғысынан қолайлы ұсыныс түсті. Мен бұл мүмкіндікті пайдалануым керек деп ойлаймын, өйткені мен өсетін және деңгейімді көтеретін бірнеше жақсы ұсыныс бар.

– Ұлттық құраманың Ұлттар лигасындағы матчтарын бақыладыңыз ба? Команданың нәтижелеріне қандай баға берер едіңіз?

– Әрине, ұлттық құраманың ойындарын бақылап отырдым. Менің ойымша, жігіттер - нағыз барыстар. Бүкіл ел оларды мақтан тұтады. Мен тек ұлттық құрама үшін үлкен мақтаныш сезінемін.

– Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев сізге еліміздің бірінші командасына шақыру бойынша телефон соқты ма?

– Жоқ, Магомед Адиев хабарласқан жоқ, Құдай қаласа, еліміздің бас командасына шақырту алу үшін аянбай еңбек етіп, дәлелдеймін. Туған жеріңнің намысын қорғау үлкен мақтаныш деп ойлаймын.

– Маусымаралық үзілісте Ресейдің «Оралына» ауысасыз деген ақпарат шыққан. Қазір шетелге кетуге мүмкіндігіңіз бар ма?

<span>- Қазіргі уақытта Ресейден бір-екі ұсыныс түсті, бірақ нақты ештеңе жоқ. </span>

- ҚПЛ деңгейі төмендеді дегенге келісесіз бе?

<span>- Түспеді деп ойлаймын. Менің ойымша, командалар қазір, керісінше, бір деңгейде, осылайша, чемпионат қызық бола түсті. Үздік үштік үшін қызу күрес жүріп жатыр, медальға үміткер көп.</span>

– Жақында әлеуметтік желілерде ислам дінін қабылдағаныңызды жарияладыңыз. Дініңізді өзгертуіңіздің себебі неде?

– Осы орайда мен Исламға келмедім, оралғанымды айтқым келеді. Осы сәтті пайдалана отырып, маған қолдау білдірген бауырларыма алғыс айтамын, бәріне бірдей жауап бере алмадын.

Фото ашық дерекккөздерден

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или