Бекхан Шайзада: Жігіттер ауыр жағдайға төтеп беріп, ойынды жеңіспен аяқтады

Бекхан Шайзада: Жігіттер ауыр жағдайға төтеп беріп, ойынды жеңіспен аяқтады

Шымкенттіктердің қақпашысы «Ордабасы» - «Ақсу» 3:0 ойыны жайлы пікірін айтты.

- Бүгінгі ойын қиынға соқты, бұған ыстық ауа-райы кінәлі, меніңше екі командаға ауыр болды. Біз бүгінгі матчтағы шиеленіспен күресе алдық, матчты 1:0 есебімен бастау бізге әдеттен бөлек деп айтуға болады.

Мүмкін, бұл бізді босаңсытуы керек пе еді, бірақ жігіттер бұл қиын жағдайды жеңіп, матчты жеңіске жеткізді.

Командаластарыма адалдығы мен жауынгерлік рухы үшін өте ризамын. Біздің жанкүйерлерімізге ыстық қолдау үшін үлкен рахмет. Барлығын жеңіспен құттықтаймын! Алға Ордабасы!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или