Шайзада: Жігіттер қиын жағдайға төтеп беріп, ойынды жеңіспен аяқтады

Шайзада: Жігіттер қиын жағдайға төтеп беріп, ойынды жеңіспен аяқтады

«Ордабасы» қақпашысы Бекхан Шайзада «Ақсуға» қарсы матч туралы пікір білдірді, деп жазады<span> </span>Prosports.kz сайтын<span> </span>клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

<span>-  Ойын қиынға соқты, бұған ыстық ауа-райы кінәлі, меніңше екі командаға ауыр болды. Біз бүгінгі матчтағы шиеленіспен күресе алдық, матчты 1:0 есебімен бастау бізге әдеттен бөлек деп айтуға болады. Мүмкін, бұл бізді босаңсытуы керек пе еді, бірақ жігіттер бұл қиын жағдайды жеңіп, матчта жеңіске жетті. Командаластарыма адалдығы мен жауынгерлік рухы үшін өте ризамын. Біздің жанкүйерлерімізге ыстық қолдау үшін үлкен рақмет. Барлығын жеңіспен құттықтаймын! Алға Ордабасы!</span>

<span>Айта кетейік, «Ордабасы» - «Ақсу» кездесуінде алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жетті. Карам Сұлтанов, Всеволод Садовский және Елхан Астанов гол соқты.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или