Седнев «Ақсуға» қарсы матч туралы пікір білдірді

Седнев «Ақсуға» қарсы матч туралы пікір білдірді

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев «Ақсуға» қарсы матч туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz сайтын клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Баршаңызды жеңіспен құттықтаймын! Ауыр және тең ойын болды. Матчтың басында, қиын жағдайда, менің ойымша, біз өзіміздің артықшылығымыз туралы ұмытып кеттік. Біз жеңіс үшін ойнадық, тіпті есепті ұстап қалу туралы ой да болған жоқ. Футболшылар көп күш жұмсады, қазір физикалық тұрғыдан емес, эмоционалды жағынан да қиын. Бірақ, мен жеңіске бағытталған агрессивті және шабуылдаушы футболды одан әрі ойнауға күш табамыз деп үміттенемін. Жанкүйерлерімізге қолдау көрсеткендері үшін, ал футболшыларға барын салғандары үшін үлкен рақмет. Қазір «Каспиймен» болатын келесі ойын жайлы ғана ойлаймыз.

Айта кетейік, «Ордабасы» - «Ақсу» кездесуінде алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жетті. Карам Сұлтанов, Всеволод Садовский және Елхан Астанов гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или