Пожег «Тобылдан» кетуі мүмкін
Қостанайлық «Тобыл» Руди Пожегпен қоштасып, оны украиналық «Черноморецке» қайтару туралы шешім қабылдады, деп жазады Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ге сілтеме жасап.
Қостанайлық клуб басшылығы жартылай қорғаушы Руди Пожег Ванцаштың жалға алу мерзімін ұзартпау туралы шешім қабылдады. 28 жастағы словениялықтың ойыны команданың бапкерлер штабының талабына сәйкес келмеді.
Айта кетейік, Пожег қостанайлық командаға сәуір айының соңында қосылған. Футболшы «Тобыл» сапында чемпионатта бар болғаны 6 матчқа қатысып, бір гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или