ПСЖ жартылай қорғаушысын Ибица аралында біреулер тонап кетті

ПСЖ жартылай қорғаушысын Ибица аралында біреулер тонап кетті

Ибица аралында демалып жүрген Францияның ПСЖ футбол клубының орталық жартылай қорғаушысы Марко Верраттиді белгісіз біреулер тонап кетті, деп хабарлайды Marca.

Басылым мәліметінше, Ибицадағы демалыс кезінде Верратти Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Роналдоға тиесілі үйге тоқтаған.

Белгісіз адамдар осы үйге ұрлыққа түсіп, футболшының ақшасы мен бағалы заттарын ұрлап кеткен. Ұрлық жасалған сәтте үйде ешкім болмаған.

Полиция тіпті құлыпты кім бұзғанын да әзірге анықтай алмаған. Себебі, саусақ іздері қалмаған.

Ал Макро Верраттидің нақты қанша шығынға батқаны белгісіз. Алдын ала болжам бойынша футболшыға келтірілген шығын көлемі 3 млн еуроны құрайды.

Қазір полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, өткен маусымда Макро Верратти ПСЖ сапында 32 матчқа қатысып, екі гол соғып, ек нәтижелі пас берген. Жартылай қорғаушының приждік клубпен келісімшарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или