«Каспий» бас бапкері «Тұранға» қарсы ойын жайлы пікір білдірді

«Каспий» бас бапкері «Тұранға» қарсы ойын жайлы пікір білдірді

«Каспий» бас бапкері Николай Костов «Тұранға» қарсы ойын жайлы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Бұл біздің команданың өз алаңындағы ең осал ойыны болды. Бүгін көңіл-күй, жинақылық, агрессия жетіспеді. Біз допты ұстауда сенімсіз болып, қарсыластың қарсы шабуылдарына тойтарыс бере алмадық.

Ешқашан доппен бұлай баяу ойнаған емеспіз, осы жерден біздің команданың сәтсіз ойыны басталды. Бұл ойында «Тұран» футболшылары бос кеңестікке толық иелік етті, – деді Костов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или