«Ақтөбенің» бұрынғы директоры ҚФФ-да жаңа қызметке тағайындалды

«Ақтөбенің» бұрынғы директоры ҚФФ-да жаңа қызметке тағайындалды

«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы басшысы Ерлан Жамантаев ҚФФ техникалық директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

Кеше Жамантаевтың «Ақтөбе» директоры қызметінен кеткені белгілі болды. Шенеунік бұл қызметте бір жылдай жұмыс істеді.

Айта кетейік, Жамантаев бұған дейін Футбол федерациясында бұқаралық футбол департаментінің директоры қызметін атқарған, сонымен қатар «Ұшқын-Искра» футзал клубы мен Қазақстан жағажай командасын жаттықтырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или