«Зенит» - «Сочи»: Әліп екінші таймда алаңға шықты

«Зенит» - «Сочи»: Әліп екінші таймда алаңға шықты

«Матч Премьер» телеарнасы ұйымдастырған маусым алдындағы турнирде «Зенит» пен «Сочи» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Санкт-Петербургтегі «Смена» стадионында өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Алаң қожайындары сапынан Зелимхан Бакаев, қонақтар сапынан Георгий Мелкадзе гол соқты. 

Пенальти сериясында «Зенит» жеңіске жетті, есеп – 4:2.

Айта кетейік, «Зенитте» өнер көрсететін қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп екінші таймның басында алаңға шықты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или