Әліп, Малый және Шацкий еуропалық құрамалардың үздік 100 ойыншысы қатарына кірді

Әліп, Малый және Шацкий еуропалық құрамалардың үздік 100 ойыншысы қатарына кірді

УЕФА «FedEx Performance Zone» индексімен бірігіп ұлттық командалардың үздік футболшыларының рейтингін жаңартты.

 Ұлттар лигасының матчтары мен Еуро іріктеу матчтары туралы мәліметтер арнайы жасалған алгоритмге енгізіледі. Деректер футболшының позициясына байланысты қабылданады.

Футболшы қатысқан әр матчтағы ұпай саналып, жарыстың алдыңғы ойындарындағы ұпайларына қосылады. Яғни, бір маусымда ең көп ұпай санын жинаған ойыншы рейтингтің көшін бастайды.

Рейтингтің топ-100 қатарына біздің бірден үш футболшы енді: Нұралы Әліп (53-орын), Сергей Малый (80-орын) және Игорь Шацкий (93-орын).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или