Испанияда ПСЖ-ның Мессиден түскен пайдасы жарияланды

Испанияда ПСЖ-ның Мессиден түскен пайдасы жарияланды

Испанияның жетекші спорт ақпарат құралдарының бірі париждік клуб Лионель Мессидің арқасында 700 миллион еуроға жуық табыс тапты деген қорытындыға келді.

Дереккөздің хабарлауынша, бұған имиджге құқықтан түсетін табыс, маркетинг пен матчтар түскен пайда кіреді.

Сонымен қатар, 35 жастағы Мессидің трансфері ПСЖ-ға 10 жаңа демеушілік келісімшарт жасасуға, сондай-ақ клубтың әлеуметтік желілеріндегі жазылушылардың санын 15 миллион қолданушыға арттыруға мүмкіндік берді. ПСЖ алғаш рет бір ойыншының миллионнан астам футболкасын сатты.

Бүгін, 24 маусымда Месси өзінің 35 жасын атап өтеді. Өткен маусымда ПСЖ сапында 34 ойында Лионель 11 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді.

Оның клубпен келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или