Роналдуға тағы бір топ-клуб көз тікті

Роналдуға тағы бір топ-клуб көз тікті

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду осы жазда командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

AS басылымының хабарлауынша, «Бавария» бас голеадоры Роберт Левандскиймен қош айтысқан соң орнын басатын ойыншыны қарастырып жатыр.

Қазіргі уақытта мюнхендік команда Роналдуға ұсыныс жссауға дайындалып жатыр. «Бавария» футболшының мансабы аяқталар тұста ішкі аренада титул алатынын және Чемпиондар лигасы кубогы үшін таласатынын ұсынып көрмек.

Айта кетейік, Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедке» 2021 жылы тамызда ауысып келді. Ойшының клубпен келісімшарты 2023 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Роналду осы маусымда Англия Премьер-лигасында 25 ойынға қатысып, 12 гол соқты және үш нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или