«Барселона» Неймарды сатып алу жөнінде ПСЖ-ға ұсыныс жасады
«Барселона» ПСЖ шабуылшысы Неймарды қайтаруға кірісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Каталониялық команда Неймарды сатып алу бойынша ПСЖ-ға ұсыныс жасаған. Трансфер сомасы - 50 млн доллар. Егер париждік тарап келіссе, екі жақ келіссөз үстілене отырады.
Неймардың ПСЖ-мен келісім шарты 2025 жылдың маусымына дейін жарамды.
30 жастағы шабуылшы өткен маусымда барлық турнирлерде 28 ойынға қатысып, 13 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или