Милан Миланович: Кімге қарсы ойнайтынымызды жақсы білеміз

Милан Миланович: Кімге қарсы ойнайтынымызды жақсы білеміз

«Тобылдың» бас бапкері УЕФА Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінің жеребесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ференцварош» өзінің дәстүрі қалыптасқан, тарихы тереңде жатқан команда. Былтыр Венгрияның 33 дүркін чемпионы атанды. Біз кімге қарсы ойнайтынымызды жақсы білеміз. «Ференцварош» - өте мықты ұжым, команда бірнеше жыл бойы бір ғана құраммен ойнап келеді. Сөз жоқ, мұндай тәжірибелі клубты ұту қиынға соғады, алайда біз қарсыласқа қарсы сәтті өнер көрсетуге тырысамыз. Әсіресе, Қостанайда жеңіске жету үшін барымызды саламыз», - деді Милан Миланович.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или