«Қайрат» Қазақстан құрамасының ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты
«Қайрат» Қазақстан құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначевпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа келісімшарт 2023 жылға дейін жарамды.
Шушеначев алматылық клуб сапына 2017 жылы ауысқан, алғашында «Қайрат А» сапында ойнады, нәтижелі ойын көрсетіп негізгі құрамға шақырту алды.
2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Артур ішкі біріншілікте 12 гол соқты, кубоктық ойындарда 5 гол және Суперкубоктық кездесулерде 1 голдың авторы атанды. Маусымның үздік шабуылшысына берілетін С.П.Квочкин атындағы сыйлықты иеленді.
2022 жылғы маусымда Артур 12 ойын өткізіп 1 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или