«Тобыл» ойыншысы «Каспийге» қарсы матч туралы пікірін айтты

«Тобыл» ойыншысы «Каспийге» қарсы матч туралы пікірін айтты

«Тобыл» қорғаушысы Алекса Аманович ел чемпионаттың 14-туры аясында өткен «Каспийге» қарсы матч (1:0) туралы пікірін айтты, деп жазады Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Ойын өте қиын болды. «Каспий» – чемпионаттағы шабуылда көбірек ойнайтын команда, бірақ біз кездесу ырғағын бақылауда ұстадық. Өкінішке қарай, гол соғатын көптеген сәтті жіберіп алдық, әсіресе бірінші таймда мүмкіндіктер жеткілікті еді. Ең бастысы, үш ұпай жинадық. Үзілістен кейінгі ойындар әрдайым қиын болатынын атап өткім келеді, сондықтан бұл жеңіс біз үшін өте маңызды. Бізде қонақтағы ойындармен байланысты көптеген проблема бар, егер чемпионаттың бірінші орны үшін қайтадан күрескіміз келсе, осы олқылықты түзетуіміз керек.

Бізді әрдайым қолдайтын жанкүйерлерімізге ерекше алғыс айтқым келеді. Жеңіс құтты болсын, Қостанай, - деді футболшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или