Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жаттығу жиыны аяқталды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жаттығу жиыны аяқталды

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Талғардағы оқу-жаттығу жиыны аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жас футболшылар 6-14 маусым аралығында Талғар қаласындағы ұлттық құрама базасында жаттығу жиынын өткізді.

Оқу-жаттығу жиыны барысында жастар құрамасы үш жолдастық кездесу өткізді: «Оңтүстік академия U-17» (3:0), «Жас қыран» (1:0) және KIFS футбол академиясымен (3:1).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или