Қазақстан чемпионатындағы қақтығыс: 30 адам полиция басқармасына жеткізілді

Қазақстан чемпионатындағы қақтығыс: 30 адам полиция басқармасына жеткізілді

Атырауда кеше кешкі сағат алты шамасында «Атырау» және «Ақтөбе» командаларының жанкүйерлері арасында қақтығыс орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Оқиға қаладағы «Мұнайшы» стадионының алдында болған. Полиция қызметкерлері қоғамдық орында тәртіп бұзған 30 адамды қалалық полиция басқармасына жеткізіпті. Тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр. Полиция департаментінің мәліметінше, ешқандай қару қолданылмаған. Жанкүйерлердің қолында түтін шығаратын түрлі заттар мен петардаталар болыпты. Қақтығыстан жарақат алғандар жоқ.

Ал мачтың өзі 2:0 есебмен аяқталды. Қос гол да соңғы минуттарда тіркелді. Алдымен «Атырау» сапындағы Равиль Ибрагимов өз қапасына доп соғып алды. Артынша, яғни қосымша уақытта «Ақтөбе» ойыншысы Виталий Балашов мүмкіндігін мүлт жібермей, таблодағы нәтижені еселеді. Бұған қоса, дөрекі әрекеті үшін «Ақтөбе» қорғаушысы Ескендір Қыбырай қызыл қағыз алып, алаңнан қуылды.

Бұдан бөлек, 14-тур аясында тағы 6 матч өтті. Ең тартысты ойын Шымкетте болды. Жергілікті «Ордабасы» өз алаңында «Таразды» қабылдап, 3:2 есебімен басым түсті. Бірінші кезең қорытындысы бойынша 3:0 есебімен «Ордабасы» алға шыққан. Қонақтарда таразы басын теңестірер мүмкіндік болды. Бірақ Әлішер Сүлей 11 метрлік айып добын орындай алмады. Сәйкесінше, «Тараз» турнир тізімінің көш басына шығу мүмкіндігінен айырылды. Қазір тізімді «Астана» бастап тұр. Елордалық клуб өз алаңында «Ақсуды» қабылдап, 5:0 есбімен ұтты. «Астана» сапынан Абат Аймбетов, Марин Томасов, Раи Влут, Станислав Басманов және Юрий Перцух гол соқты. Осылайша «Астана» бірінші, «Каспий» екінші сатыға жайғасты және араларын бір ұпай ғана бөліп тұр. Оларды өкшелеп «Тараз», «Тобыл» және «Ақтөбе» келе жатыр. Мұнда да ұпай айырмасы айтарлықтай үлкен емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или